Руханият

Жағымды әуен – «Жастар әлемінде»

Жуырда Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Қарағанды облысының 80 жылдығына арналған дәстүрлі облыстық «Жастар әлемі» фестивалі өтті. Осымен үшінші мәрте жалауын желбіреткен шараны облыстың мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы бастамасымен ұйымдастырған – облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы.

Фестивальдің негізгі мақсаты – жастар шығармашылығына қолдау көрсете отырып, дарынды орындаушыларды, талантты топтарды анықтау. Әр жыл сайын жастар шығармашылығының әртүрлі бағытына бет бұратын шара биыл «Жүрегімнің соғысы» атты рэп-орындаушылары мен «Террикон» атты рок-топтарының шығармашылығына ден қойды. Рэп жанры бойынша бақ сынағандар қатарында «Badbala» – Ғалымжан Қалиақпаров (Балқаш қ.), «Bastau asumnami» – Ержігіт Иманмұса, «Dias» – Диас Алпамыс (Шет ауданы), Дәулет Дүйсенбай (Қарағанды қ.), «Joker» – Илья Боляк (Шахтинск қ.), және ақтоғайлық «Сарыарқа» тобы болды. Аталған өнерпаздар тіпті, облыс орталығындағы «Алаш Централ Продакшн» студиясының іргесінде бірлесіп жаңа жобаларды жүзеге асыруды да қолға алыпты.

«Террикон» бағыты бойынша айма­ғымыздың «Лос-Анджелес» (Теміртау қ.), «Текила кавер бэнд» және «Pride» (Қараған­ды қ. КМС), «Ниагара» (Қарағанды қ. КМС Молодежный МҮ), «Жайдар-men’s» (Бұқар жырау ауданы) және қарағандылық «CLIENT», «Black Capital», «Сальерика» «Кукумбер» топтары өз өнерлерін көрсетті.

Туған жерге, елге деген махаббаттарын әнмен жеткізген қатысушылар шара соңында дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button