Жаңартылған білім мазмұны

     Жуырда Ұлттық білім академиясының жаңартылған білім мазмұнын тарату орталығының директоры Алмагүл Мұхамедханова №92 гимназияда болып, қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдерімен жұмыс кеңесін өткізді.

Жұмыс барысында А.Мұхамедханова 1сыныптардың сабақтарына қатысып, қала мектептерінің 1 және 4 сыныптарына сабақ беретін бастауыш сынып мұғалімдерімен тренинг өткізді.

Іс-шараның тәжірибелік маңыздылығы – мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы туралы пікір алмасу.

Мұғалімдер жаңартылған білім мазмұнына байланысты туындаған мәселелерді ортаға салды. Мысалы, жаңа бағалау жүйесін енгізудегі кездескен қиындықтар, жиынтық бағалауға арналған тапсырмалардың оқулық тақырыптарына сайкес келмеуі, мұғалімдердің бүгінгі таңдағы қағазбастылығы сияқты мәселелер кеңінен қозғалды. Жұмыс барысында мұғалімдердің критериалды бағалауға байланысты нақты ұсыныстары да тыңдалды.

Кеңеске қатысқан мұғалімдер іс-шараның жоғары дәрежеде өткені үшін, маңызды да мазмұнды кездесу ұйымдастырғаны үшін қалалық білім бөліміне ризашылықтарын айтып, алғыстарын білдірді.

Гүлсара ОСПАНОВА,

Қарағанды қаласы білім бөлімінің

бастауыш сыныптар бойынша әдіскері.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.