Жаңа жоба іске асады
2022 жылдың мамыр айынан бастап «АНА ҮЙІ» қоғамдық қоры «Бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттік» (бұдан әрі – ҰАА) пилоттық жобасы іске қосылды. Жобаны 3 жыл ішінде жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Жобаның мақсаты – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мүмкіндігі шектеулі және даму ерекшеліктері бар балаларды отбасына тәрбиелеуге қабылдауды жоспарлап отырған Қазақстан Республикасының азаматтарын ынталандыруға және қолдауға бағытталған және қоғамда қабылдаушы отбасыларды кәсіби даярлау, сүйемелдеу және бала асырап алу мәдениетін дамыту.
Қоғамдық қор ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүргізеді, сондай-ақ баланы өз отбасында тәрбиелеу үшін асырап алғысы келетін азаматтарға құқықтық психологиялық көмек көрсетеді.
Сонымен қатар, бірыңғай республикалық 1422 call-орталығы жұмыс істейді, онда азаматтар балаларды отбасына орналастыру туралы сұрақтары бойынша жедел ақпарат алады.
Қоғамдық қор аясында Қазақстанның 20 қаласында кеңес беру кабинеттері жұмыс істейді.
Жоба барысында психологтар қабылдаушы ата-аналар мектептерінде (бұдан әрі – ҚАМ) әлеуетті асырап алушыларды дайындайды, қабылдаушы ата-аналар мектептері олар жас психологиясы туралы, қабылданған баламен байланыс орнату және бүкіл отбасының жаңа өзгерістерге жұмсақ бейімделуі жайлы құнды білім алады.
Осындай жауапты қадамға бел байлаған азаматтардың барлығы алдымен міндетті түрде қабылдаушы ата-аналар мектебінен өтуі қажет.
Қабылдаушы ата-аналар мектебінің мақсаты – ата-аналарды мекемеден баланы қабылдауға дайындау, барлық қажетті ақпаратты беру, дағдыларды үйрету, маңызды сұрақтарға жауап табуға көмектесу, өздерінің мүмкіндіктері мен шектеулерін түсіну, қабылдаушы ата-ана болуға дайындығын түсіндіру.
Қабылдаушы ата-аналар мектебінен өту барысында үміткерлер:
– қабылданған баланың ерекшеліктері мен қажеттіліктері туралы түсіндіру жұмыстарын алады;
– қабылдаушы ата-ана ретінде өздерінің қабілеттері мен мүмкіндіктерін түсінеді;
– отбасына қандай баланы қабылдай алатынын және қандай қабылдау түрі қолайлы екенін түсінеді.
Мектепте үміткерді оқытып қана қоймай, оған қанша уақыт көмек қажет болса, сонша уақыт көмек көрсету жұмыстарын көрсетеді.
Көмек көрсетудің әр түрлі формалары бар – бұл отбасына бару, мамандармен кездесу, психологиялық кеңес беру және т.б.
Бүгінгі таңда Бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттіктің көмегімен қазақстандық отбасыларға 1802 бала орналастырылды (бұл көрсеткіш үнемі өсіп отырады).
Қоғамдық қор қабылдағаннан кейін балаларды оңалтушы дәрігерлердің тексеруінен өтуді ұйымдастыру, балалардың медициналық оңалтудан және педагогикалық түзетуден өтуі үшін төлем жүргізу, қажет болған жағдайда балалардың ота еміне төлем жасау, қабылдаушы отбасыға консультациялық және ақпараттық қолдау жасау сынды көмектер көрсетеді.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz