Ресми

Жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 147,4 млн. теңге бөлінеді

Аймақта биыл жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға 29 грант бөлінеді. Кәсіпкерлерден өтінімдерді қабылдау қыркүйек айында басталады. Құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру кәсіпкерлік басқармасының ресми сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады. Өтінімдер  Kezekte.kz платформасы арқылы қабылданады, деп хабарлайды Ortalyq.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сурет облыс әкімдігінің сайтынан

Қарағанды облысында биыл жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға 29 грант бөлінеді. Кәсіпкерлерден өтінімдерді қабылдау қыркүйек айында басталады.

Құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру кәсіпкерлік басқармасының ресми сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады. Өтінімдер  Kezekte.kz платформасы арқылы қабылданады.

Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Ирина Любарская Өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен брифингте бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары туралы айтып берді.

– Осы жылдан бастап кәсіпкерлікті қолдаудың бірыңғай кешенді бағдарламасы басталды. Қолдаудың бір түрі жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 5 млн теңгеге дейін өтеусіз гранттар беру болып табылады. Осы жылдан бастап «бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері болып табылатын әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері мен ШОБ субъектілері конкурстық іріктеуге қатыса алады. 29 грантқа 147,4 млн теңге бөлінді. Өтінімдерді қабылдауды гранттар берудің жаңа ережелері бекітілгеннен кейін бастауды жоспарлап отырмыз, – дейді Ирина Любарская. 

Сондай-ақ, облыста бизнеске қаржылық көмек көрсету үшін «Кәсіпкер» өңірлік бағдарламасы іске асырылуда. Кәсіпкерлер 7 пайызбен 50 млн теңгеге дейін несие ала алады, ал туризм саласындағы жобалар үшін сома 100 млн теңгеге дейін ұлғаяды. Бүгінгі таңда 16 жоба қаржыландырылды.

Сонымен қатар, туризм саласындағы бизнесті қолдау үшін санитарлық-гигиеналық тораптарды ұстауға жұмсалатын шығындардың бір бөлігін субсидиялау ұсынылады. Туризм объектілерін салу кезінде жұмыс құнының 10 пайызы өтелетін болады.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button