Жаңалықтар

Жүзден жүйріктерге – «Алтын сұңқар»

     DSC_0895Қоғамның барометрі – БАҚ-тың бабы мен бағын сынаған бәйге өзінің жүйріктерін тағы бір мәрте анықтады. Дәстүрге айналған облыс әкімінің БАҚ өкілдеріне берілетін «Алтын сұңқар» сыйлығы кезекті рет өз иелерін тапты. Бұл бәйгеде  біздің басылымның да қанжығасы құр қайтқан жоқ. Дәлірек айтқанда, «Орталық Қазақстан» газетінің дизайнері –  Ботакөз АХМАДИЕВА «Мәнер мен атқарылымдығы үшін» аталымында үздік танылды.

Бұқаралық ақапарат құралдарын кә­сіби мерекемен  құттықтаған аймақ басшысы Ерлан Қошанов бұл саланың қоғам өмірі үшін маңызын атап өтті. БАҚ-тың мемлекеттік қызметкерлерге, шенеуніктерге кедергі емес, керісінше, көмек екенін жеткізді. Сонымен бірге, Қарағанды аймағының еліміздегі ірі өңір болуымен қатар, мұндағы тілші қауымның алғырлығына риясыз ықылас танытты.

Қарағанды облысы – еліміздегі ірі медиа аймақтың бірі. БАҚ-тың саны бойынша  алдыңғы үштіктеміз. Ал, қарағандылық тілшілер – еліміздегі мықтылардың қатарынан. Өз басым, елімізде бірінші деп ойлаймын. Бұл орайда мен тек облыс орталығындағы тілшілерді ғана емес, облыстың аудан, қалаларындағы әріптестеріңізді де ерекше атағым келеді.

Бүгін облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің редакторы Мағауия Сембаев ағамыздың отандық журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін  Президент сыйлығын иеленуі – қарағандылық журналистиканың қандай деңгейде екенін көрсетсе керек. Аймақ журналистикасына берілген баға, –  деді  облыс әкімі Ерлан Қошанов.

Сондай-ақ, облыста журналистиканың дамуына  зор үлес қосқан ардагер журналистерге де лебізін білдірді. Гүл шоқтарымен қошемет көрсетілді. Ал, «Алтын сұңқардың» иелері дипломмен және «Алтын сұңқар»  мүсінімен марапатталды.

12 жыл бойы жалғасын тапқан байқауға биыл 164 үміткер өтініш берген. Соның ішінде, 11 жергілікті және республикалық БАҚ өкілдері оза шауып, бәйге алды. Үздіктер 10 аталым бойынша анықталды. Бұған қоса, облыс әкімінің 1 млн.теңге көлеміндегі арнайы сыйлығы бар. Олай болса, облыстағы БАҚ үздіктерімен таныс болыңыздар…

– «Мамандыққа адалдығы үшін» – Әлібек Әбдірашев, Сәтбаев аймақтық «Шарайна» газетінің тілшісі;

– «Белсенді өмірлік ұстанымы үшін»  – республикалық «31 арна» телеарнасының меншікті тілшісі, «5 арнаның» журналисі Людмила Батюшкина;

– «Объектив шебері»  – республикалық «КТК» арнасының бейнеоператоры Николай Колесниченко;

– «Ауыл тақырыбын үздік жариялағаны  үшін» – журналист, Қазақастан Журналистер одағының мүшесі Ерғазы Жазықбаев;

– «Әлеуметтік тақырыпты үздік жариялағаны үшін» – «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының редакторы Эльмира Исаханова;

– «Өндірістік тақырыпты үздік жариялағаны үшін»  – облыстық «Индустриальная Караганда» газеті бас редакторының орынбасары Станислав Песнев;

– «Алғашқы табыстар үшін»  – аудандық «Сельский труженик» газетінің тілшісі (Осакаровка ауданы) Светлана Максимова;

– «Жылдың үздік шығармашылық жұмысы» – «EKaraganda.kz» ақпараттық порталының негізін қалаушы әрі жетекшісі Сергей Забурдяев;

– «Мәнер мен атқарымдылығы үшін» номинациясында – «Орталық Қазақстан» газеті редакциясының бет қаттаушы-дизайнері Ботакөз Ахмадиева;

– ««Еңбек адамы» тақырыбын жазғаны және насихаттағаны үшін» – «Вечерняя Караганда» газетінің журналисі, «Информбюро» АА редакторы, Білім басқармасының баспасөз хатшысы – Махаббатгүл Еңсебаева.

Биыл облыс әкімінің  1 млн. теңгелік арнайы сыйлығына «Хабар» агенттігінің Қарағандыдағы тілшілер қосыны лайық деп  танылды.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button