Қарағанды

Жүріп-тұру жеңілдеді

Қарағандыдағы №69 бағыттағы көліктер саны көбейді. Аталған бағыт 14-ші шағын аудандағы автобекет – №4 емхана аралығында жолаушы тасымалдайды.

Қалалық әкімдік мамандарының айтуынша, бұрын бұл бағыт жолаушылардың айтарлықтай сұранысына ие болмады. Сондықтан, бағыт бойында, тек, бір ғана автобус қызмет көрсетті.

Бүгінде аталған бағытта жүріп-тұратын тұрғындар саны артқан. Сәйкесінше, 11 маусымнан бастап облыс әкімінің тапсырмасымен бағыт бойынша тағы бір автобус бекітілді. Қазіргі таңда автобустар интервалы 30 минутты құрайды.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Back to top button