Жаңалықтар

Жүрегі – шуақ, жаны – нұр

       Роза ВАЛИЕВА – Қарағанды қаласының №1 клиникалық ауруханасында 25 жыл бойы табан аудармай еңбек етті. Жастайынан шыңдап, тәжірибелі маман болып қалыптасуына ықпал еткен осы жерде талай жанның жанына дауа болып, ауруынан айығып кетуі үшін жан аямай күресті. Содан болар, ұлты әзірбайжан болса да, қазаққа сіңісіп, «өзіміздің Роза тәтеміз» атануы…

Грузия аңызға бай ел делінеді. Табиғатының өзі бір керім. Ал, қазақта, «топырағына тартады» деген сөз бар. Осындай әсем жерде дүниеге келген әзірбайжан қызы Роза Валиеваның медбике мамандығын таңдауы да кездейсоқ емес. Өзі туған жері бұзылмаған сұлу табиғатындай Роза үшін науқас жандарға көмек қолын созу табиғаттың заңдылығы тәрізді.

1985 жылы Ленинград медицина училищесін медбике мамандығы бойынша бітіргеннен кейін осы қаладағы №1 клиникалық ауруханада біраз жыл қызмет атқарды. Қазақстанға кездейсоқ келген жоқ. Өмірлік серігі Оғман Валиев Қарағандыдағы Политехникалық институтты бітіргеннен кейін, осы жерде қалмаққа бел буып, Розаны да шақырды. Жақсы адамға жердің де жаттығы жоқ. Содан бері Қарағандыда. Осы жерде өсті, өнді. Қызметте жетістікке жетті. Екі бала тәрбиелеп өсірді. Ең бастысы – жастайынан арман еткен мамандығына адал.

Қазір аталмыш аурухананың хирургия және травматалогия бөлімінде аға медбике қызметін атқаратын Роза Нариманқызы Қазақстанда тұратынын мақтан етеді.

Салтанат Ильяшова.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button