Жұмыссыздықпен күрес жалғасуда

   Жақында Приозерск қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ жұмыссыз азаматтар үшін бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды. Оған 34 жұмыссыз азамат қатысты.

Жұмыссыздық деңгейін төмендету, жұмыс берушілер мен жұмыссыздар арасында тығыз байланыс орнату, жұмыссыздарға еңбек нарығындағы ең қажетті мамандықтар бойынша ақпарат беруді мақсат еткен мамандар өз қызметтерін ойдағыдай атқарды.

Аталмыш іс-шараға қатысушы жұмыссыз азаматтар тікелей жұмыс берушімен кездесуге мүмкіндік алды. Жәрмеңкеге әртүрлі мамандықтар бойынша 30 бос жұмыс орындар ұсынған 8 мекеме мен кәсіпорын атсалысты.

Бір айта кетері, бұл күні бас маман, кітапханашы, мұғалімдер, заңгер, аула сыпырушы сияқты өзгеде мамандық иелеріне бос орындар болды. Жәрмеңке шеңберінде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында қатысқан азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Келесі бос орындар жәрмеңкесін өткізу ағымдағы жылдың маусым айына жоспарланып отыр.

Нұрдос КӘРІМ

ПРИОЗЕРСК қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.