Пікірлер

Жұмыла күрессек бұл сынақтан да сүрінбей өтеміз

Дүние жүзін  СОVІD-19 індеті өртше шарпып тұрған қазіргі кез-халқымызға, елімізге  қауіп –қатер төндіруде. Елімізде бұрын-соңды болып көрмеген қауіптің алдын алып, оны болдырмауға барлық жағдайлар, сақтандыру шаралары жасалынып жатыр.


Осындай алмағайып сәтте мемлекет батыл шешімдер қабылдап,халықты әлеуметтік жағдайын көтеруге байланысты, нақты қадамдар жасауы-елдің рухын көтерді, сенімін оятты.
Бүгінгідей  сын сағатта, ең бастысы барлығымыз болашақ үшін,  әр адамның көңіліне сенімділік оята отырып,  шыдамдылық, төзімділік танытып, бір адамдай жұмылып күресуіміз керек. Бүгінгі күн- жауапкершілікті сезінетін сәт.
Біз, сан қилы заманды бастан кешірген, қандай қиын күн болса да, елдігімізді жоғалтпаған халықпыз. Еліміз бұл күнге берекелі бірлігімен, тиянақты тірлігімен жетті. Осынау берекемізді, бұл жұтта жоғалтып алмауымыз керек.
Бұл уақытша қиындық. Жұмыла күрессек, бұл сынақтан да сүрінбей өтеміз деген сенімдеміз.

 Б.Бейсенова,

Қарқаралы аудандық орталықтандырылған кітапханалар
                жүйесінің директоры  
                   

Басқа материалдар

Back to top button