Бас тақырып

Жүк ауыры – Жәнібекте

Қазақстан Журналистері одағының Қарағанды облыстық филиалының төрағалығына «Қазақстан» РТРК АҚ ҚОФ – «Сарыарқа» телеарнасы директорының орынбасары – бас редакторы Жәнібек Садықанов сайланды.

Жәнібек Садықанов еңбек жолын Қарағанды маргарин зауытында бастаған. Кейін «Карагандинский Вестник», «Новый Вестник» газеттерінде тілші, Қарағанды облысы әкімінің баспасөз хатшысы, қарағандылық «ТВК» телеарнасының директоры болып қызмет еткен. 2007 жылы «Қазақстан» РТРК» Қарағанды филиалына жарнама бөлімінің аға менеджері қызметіне келген. Бүгінде аталған ұжымда директордың орынбасары – бас редактор лауазымында қызмет етуде.

Жәнібек Махмұтұлы «Ерен еңбегі үшін» медалінің, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.

Әріптесімізді құттықтай отырып, жауапкершілігі мол қызметте абырой тілейміз.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button