Жаңалықтар

ЗЕЙНЕТАҚЫҢЫЗДЫ есептеп көріңіз

        Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) Қарағанды облыстық филиалында «Әрбір салымшы үшін қолжетімді БЖЗҚ» тақырыбында Ашық есік күні өтті. 

IMG_6753

Біздің облыста 265708 салымшы онлайн режимде ақпарат алу жолын таңдаған. Өйткені, бұл зейнетақы жинақтарын күн сайын – жарналардың түсуі мен инвестициялық табыстың есептелуін бақылауға мүмкіндік береді.

Көптің көкейінде жүрген мәселе – зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш беру. Енді, оны үйіңізде отырып-ақ жүзеге асыра аласыз. Әрине, қолыңызда ғаламторға қосылған құрылғы болса.

Себебі, БЖЗҚ 2017 жылдың 30 маусымынан бастап www.enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру қызметін іске қосты. Алдағы уақытта жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішті онлайн режимінде ұсыну қызметін жүзеге асыруды жоспарлауда.

Осылайша, БЖЗҚ жақын болашақта Қорға келген салымшыға шарт жасасудан бастап зейнетақы төлемдерін алуға дейін онлайн режімінде лайықты қызмет көрсете алатын болады.

Шара барысында салымшылар БЖЗҚ мамандарының көмегімен бірнеше минут ішінде www.enpf.kz сайтына тіркеліп, ұялы қосымшаны жүктеп алуға қол жеткізді.

Келушілердің көпшілігін БЖЗҚ-ның электронды кеңесшісі қызықтырды. Қазіргі таңда Қор кеңселерінде мульти-тач экраны бар ақпараттық киоскілер орнатылған. Келушілер сол арқылы анықтамалық ақпараттар алып, зейнетақы калькуляторы бойынша өздерінің болашақ зейнетақыларының мөлшерін болжалды түрде есептей алады. Сонымен қатар, ақпараттық киоск арқылы жеке зейнетақы шоты бойынша үзінді-көшірмені электронды мекен-жайға жіберуге болады. Республика бойынша 10 ақпараттық киоск жұмыс істейді.

– Ақпарат алудың заманауи тәсілдері отандық зейнетақы жүйесін әрбір азаматқа жан-жақты әрі оңай түсіндіруге мүмкіндік береді. Бұл жерде зейнетақы жүйесін түсіну кәдімгі жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы мәлімет алудан басталады. БЖЗҚ салымшылары өздерінің зейнетақы жинақтары туралы онлайн режимінде ақпарат ала отырып, өздерінің жұмыс берушілерін және инвестициялық табыстардың есептелуін қадағалай алады әрі зейнетақының мөлшері бойынша болжам да жасай алады. Осылайша, зейнетақы жарналары тұрақты аударылып тұратын болса, зейнетақы жинақтарының көлемі де артатындығына көз жеткізеді. Бұл болашақ зейнеткердің берекелі тіршілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деді облыстық филиал директоры Андрей Мордвинцев.

Айтпақшы, зейнетақы жүйесіне қатысты кез келген сұрағыңызды «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Нұрбибі Наурызбаеваға тікелей жолдауға да мүмкіндігіңіз бар.

 Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button