Замана келбеті – өнер тілінде

Балқаш қаласының орталық мұражайында ҚР Суретшілер одағының мүшесі, суретші-гобеленші, ағаш шебері Өміргелді Әбеуовтің 75 жас мерейтойына орай «Өнер тіліндегі замана келбеті» атты көрме ұйымдастырылды.


Қолөнермен айналысып, оның ішінде қазақтың кілем тоқу дәстүрін жалғастырып келе жатқан еліміздегі санаулы өнерпаздардың бірі Өміргелді Мұхтарұлының есімі республикаға танымал. Қылқалам шеберінің еңбектері қалалық, облыстық, республикалық көрмелерге қойылып, Мәскеуде, Ленинградта, Чехословакияда өткен ҚР Мәдени күндеріне қатысқан. Суретшінің туындыларына қазақ халқының тарихы, көркем табиғаты, дәстүр-салты арқау болған.


– Басқа еңбектерімді былай қойғанда гобеленмен осы уақытқа дейін 60-тан аса туынды жасадым. Бұл өте күрделі өнер. Қылқаламмен сурет салу бір басқа да, оған түрлі-түсті жіппен жан бітіру бір басқа. Бір кілем тоқып шығу үшін бірнеше ай уақытым кетеді. Бір өкініштісі осы бір бекзат өнердің насихаты мен оған қызғушылық танытатындар тым аз, – дейді Өміргелді ақсақал.

Көрмеге Балқаш қаласының зиялы қауым өкілдері мен студент жастар арнайы келіп, шебердің еңбек және шығармашылық жолына арналған деректі фильмді тамашалады.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.