Қарағанды

Заң үстемдігі – тұрақтылық кепілі

      Қазіргі таңда еліміздің құқық жүйесінде ауқымды реформалар жаңа толқынмен қарқын алуда. Ел Президентінің Қазақстан Республикасын дамыған отыз мемлекет қатарына енгізу бағытындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» бөлігінде құқықтық жүйені дамытуға бағытталған 19 қадам қарастырылған. Оның ішінде бұл реформаларды негізгі екі бағытта жүргізілу жоспарланған.

Біріншіден – ол судьяларды іріктеу жүйесін жетілдіру болса, екіншіден – республиканың сот өндірісін жетілдіру болып табылады. Нақты айтсақ, судья лауазымына кандидаттың 25 жастан 30 жасқа дейін көтеру ұсынысы қолдау тапты.

Келесі қадамның бірі, ол – оқуды және сот тәжірибесі арасындағы өзара байланысты күшейту үшін сот төрелігі институты мемлекеттік басқару академиясының құрылымынан бөлінуі керектігі. Аталмыш институт жоғарғы соттын жанында жұмыс істеп, қызмет бабындағы судьялардың біліктілігін тұрақты түрде арттыруды қамтамасыз ететін болды.

Реформаның екінші бағыты – азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру. Атап айтқанда, бес сатылы сот жүйесінен – үш сатылы сот төрелігі жүйесіне көшу.

Судьялардың есеп беру тәртібін күшейту. Судьялардың жаңа этикалық кодексін жасау, соның негізінде азаматтар судья­лардың әрекеттері бойынша еліміздің жоғарғы сотының жанынан құрылған арнайы сот алқасына шағымдана алатын болу керектігі.

Барлық сот процестеріне бейне және таспаға жазу шараларын міндетті түрде еңгізу. Судьяның бейне жазуды тоқтатуға немесе аудио жазу материалдарын редакциялауға мүмкіндігі болмауы тиіс.

Алқа билер соты қолданылатын салаларды кеңейту. Заңды түрде алқа билер соты міндетті түрде қатыстырылған қылмыстық істердің санаттарын анықтау қажет.

Шетелдік және халықаралық соттардың үздік стандарттары бойынша сот істерін жүргізуді қамтамасыз ету үшін жоғарғы сот жанынан беделді шетелдік судьялар мен заңгерлер қатысатын халықаралық кеңес құру. Кеңес қазақстандық сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша жоғарғы сотқа кеңес беріп отырады.

Осылайша сот жүйесінің алдында үлкен реформалар жоспарланды. Бұл реформалардың негізгі мақсаты – елімізді дүниежүзілік стандарттарға сәйкестендіру, халықтың сотқа қолжетімділік дәрежесін одан әрі көтеру болып табылады.

Шынар ІРГЕБЕК,

Қазыбек би аудандық

сотының судьясы.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button