Жаңалықтар

ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР САНЫ КӨБЕЙДІ

     Биылғы бірінші жартыжылда Қарағанды облысында жаңа заңды тұлғалардың саны 30,5%-ға өсті. Өткен жылмен салыстырғанда 1186 жаңа заңды тұлға тіркелген. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті мәлімдеді.

Айта кетейік, жаңа тіркелген заңды тұлғалардың санынан 70%-ы Қарағандыда тіркелген, 7%-ы – Теміртауда, 4,5%-ы – Жезқазғанда, 3,1%-ы – Бұқар жырау ауданында, 2,7%-ы – Балқашта. Облыстың басқа өңірлеріне 0,3%-дан 2%-ға дейіні тиесілі.

Облыс аумағында тіркелген жаңа кәсіпорындар санынан 99,6%-ы шағын, 0,3%-ы – орта және 0,1%-ы – ірі кәсіпорындар көрінеді. Облыстағы шаруашылықпен айналысатын жаңа субьектілері арасында жеке меншік нысанды заңды тұлғалар 93,8%-ды құрады, шетелдік меншік – 5,6%, мемлекеттік меншік – 0,6%.

Заңды тұлғалардың көбі – 36% – қызметін саудада жүзеге асырады, 14,8%-ы – құрылыста. Ауыл, орман және балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындар жаңа тіркелген заңды тұлғалар санынан 8,7%-ды құрайды, кәсіби, өзге де қызметтер түрлерін ұсынатын ұйымдары – 7,5%, өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары – 5,7%, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет көрсету ұйымдары – 4,9%, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметті іске асыратын кәсіпорындары – 4%. Экономикалық қызметтің басқа түрлері бойынша тіркелген кәсіпорындар мен ұйымдар саны 0,1%-дан 3,1%-ға дейін ауытқиды.

Заңды тұлғалардың шамамен 85,8%-ы коммандиттік серіктестіктер, жауапкершілігі және қосымша шектеулі серіктестіктер, 7,2%-ы – өндірістік кооперативтер, 4%-ы – қоғамдық бірлістіктер, 1%-ы – мекемелер ретінде тіркелген. Басқа ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарымен заңды тұлғалардың үлес салмағы 0,2%-дан 0,6%-ға дейін ауытқиды. Тіркелген кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларының 73,9%-ы ер адамдар, 26,1%-ы – әйелдер екен.

Нұрдос КӘРІМ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button