Жаңалықтар

«Заң бойынша аға сұлтан приказ орналасқан мекенде тұруға міндетті»

Қарқаралы округке келген Мейер күнделігінде жаңа қоныс соғу үшін қазақтарға Қар-Қаралы таулары және біраз жер аумағы бөлінген соң сұлтандар мен бай қазақтар ағаштан үй салуға ынталы болып отырғанын жазыпты. Үй салуға ниет білдірген бай қазақтардың қатарында Құнанбай Өскенбаевтың да аты аталатын құнды құжатқа кездестік.

 

Осыдан он бес шақты жыл бұрын ғалым Н.Дулатбеков Омбы архивінде сақтаулы жатқан жерінен шартты атауы «Құнанбай Өскенбайұлының ісі» деген іс қағаздарын алып келіп, бертінде жеке жинақ күйінде жарыққа шығарған. Жинақты парақтау барысында Қарқарлы тарихына қатысы бар небір қызықты деректерге жолықтық. Соның бірі – Қарқаралыдағы Құнанбайдың үйі туралы.

Марат АЗБАНБАЙ

Автордың «Қарқаралының көне тарихы Архив құжаттары байырғы заң мəтіндерімен салыстырылуы тиіс» атты мақаласынан. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button