Руханият

«Өз тіліңді құрметте!»

   Қарағанды қалалық №12 «Ертегі» балабақшасына қарасты «Құлыншақ» тобының бүлдіршіндері тілдер күніне орай ертеңгілік өткізді. Тәрбиеші Әсел Абуова және Айдана Серікованың ұйымдастыруымен өткен шара барысында бүлдіршіндер ән айтып, би биледі.

«Құлыншақ» тобы тәрбиешілерінің айтуынша, тілдер күніне орайластырылған шара еліміздегі үштілділікті дамытуға бағытталып отыр.

Үштілді оқыту үрдісінің артықшылықтары қатарында ағылшын тілін білу – міндетті. Бүлдіршіндерді осы бастан бағыттасақ, олар болашақта басқа елдегі құрдастарымен өзге тілде еркін сөйлесетін болады. Оған қоса білікті мамандық иесі атанып, елінің дамуы жолында қызмет етеді.

Бұл ретте шарада көрсетілгендей бүлдіршіндер тақпақтарды үш тілде жатқа айтып, әр елдің әндерін орындады. Көңілді ертеңгілік ата-аналар тарапынан қолдау тапқандықтан, алдағы уақытта осыған ұқсас мерекелік шараларға жалғасатын болды.

Ж.АХМЕТОВА,

«Құлыншақ» тобының

ата-анасы.

Қарағанды қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button