Өз таңдауымызды жасадық
Бүгін Құрылтай сайлауына қатысып, өз таңдауымды жасадым. Дауыс беру – әр азаматтың ел алдындағы міндеті әрі азаматтық жауапкершілігі деп білемін. Осы міндетімізді орындап, өз таңдауымызды жасадық.

Мен Мемлекет басшысының жүргізіп отырған саяси бағытын қолдаймын. Еліміздің тұрақты дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табуы керек.
Құрылтай депутаттары – халықтың сенімін арқалаған өкілдер. Сондықтан олардың басты міндеті – елдің көкейіндегі мәселелерді ашық көтеріп, халықпен тығыз байланыста жұмыс істеу. Жұртшылықтың ұсынысы мен талап-тілегін билікке жеткізіп, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға қызмет етуі маңызды.
Болашақ Құрылтай депутаттары халықтың сенімін ақтап, ел игілігі жолында адал әрі нәтижелі еңбек етеді деп сенемін. Өйткені биліктің бастауы – халық. Халықтың үні естіліп, ұсынысы ескерілген жағдайда ғана нақты нәтижеге қол жеткізуге болады.
Төлеген ӘШІМ,
«АСПАП» ӨК төрағасы,
Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы Құрылыс кеңесінің төрағасы



