Теміртау

“Өз таңдауымды жасадым”

Теміртаулық Абзал Ермекбаев алғаш рет №317 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасап, үміткерлерге дауыс берді. Ол Теміртау жоғары политехникалық колледждің 4 курс студенті. Жас сайлаушы дауыс беру кезіндегі алғашқы сезімін де жасырмады.

– Өз болашағымды таңдауға келгенде қобалжығаным рас. Себебі, әр адам ертеңгі күні үшін қатты алаңдайды. Әр сайлаудан кейін өзгерістің де болатыны анық. Мен өз тағдырым үшін, еліміздің ертеңі, береке-бірлігі, халқымыздың бай-қуатты тірлігі үшін дауыс бердім. Ел бүтіндігі, әлем алдындағы беделі, ізгі бастамалары үшін дауыс беру азаматтық парызым. Әрқайсымыз Қазақстан атты алып шаңырақтың бір-бір уығымыз, – дейді ол.

Дауыс беруден соң жас сайлаушыға сыйлық табысталды.

Сағыныш ӘБІЛ

ТЕМІРТАУ 

Басқа материалдар

Back to top button