Жаңалықтар

Қызметтік көлікке – арнайы жапсырма

Қарағанды облысында мемлекеттік органдардың барлық қызметтік көліктерінде транспортты жеке мақсатта пайдалануға тыйымды көздейтін белгі пайда болады, – деп хабарлайды Қарағанды облысы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл жапсырмалар мемлекеттік қызметшілердің қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдалану фактілерін болдырмау мақсатында енгізілуде. Бірінші тамызға дейін жергілікті атқарушы органдардың барлық қызметтік көліктерінде арнайы белгі қойылуы тиіс. Бұл қызметтік көлікті жұмыстан тыс уақытта жеке мақсатта пайдаланатындармен күресуге жәрдемдеседі. Жапсырмалар алдыңғы есіктерге – жүргізуші мен жолаушы жағынан жапсырылуы тиіс. Олар ауа райы жағдайларында зақымданбайтын материалдардан жасалды. Айта кетейік, мемлекеттік органдардың қызметтік көліктеріне мұндай белгі тек Қарағанды облысында ғана пайда болады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button