ТОКҮО 2020
Юлия жарысты жалғастырудан бас тартты
Тағы бір теннисші қызымыз Юлия ПУТИНЦЕВА алғашқы кездесуде жарысты жалғастырудан бас тартты. Бұған дейін Зарина ДИЯС та жарақатына байланысты Олимпиада ойындарынан шығып қалған болатын.
Юлия Путинцева бірінші айналымда аргентиналық спортшы Надия Подороскамен кездескен болатын. Алғашқы себетте отандасымыз 6:7 есебімен жеңілді. Ал, екінші себетте 3:1 есебімен алға шыққан болатын. Алайда, ойынды әрі қарай жалғастырудан бас тартты.