Жаңалықтар

Ыстық су беріледі

   Қарағандыда 26 маусымнан бастап кезең-кезеңмен жылу желісінің құбырларын ыстық сумен толтыру басталады. Яғни, ыстық су пәтерлерге 28 маусымнан бастап жеткізіле бастауы тиіс. Алайда, қаланың Оңтүстік-Шығыс бөлігінің кейбір көшелеріндегі тұтынушыларға сәл күте тұруға тура келеді. Себебі, жылу желілерінде жөндеу жұмыстары әлі жалғасуда.

«Теплотранзит Қарағанды» ЖШС баспасөз қызметі мәлімдегендей, жыDepositphotos_23133912_original-610x407-1лыту маусымы аяқталған соң жылу жүйелерінің гидравликалық сынақтары өткізілген болатын. Тексеріс нәтижесінде, жөндеуді талап ететін 500-ден астам ақау анықталған. Бұл жұмыстар аяқталған бетте ыстық су жіберіледі.

Аталған компания тұрғын үйлерге ыстық су жіберу бойынша тиісті кесте құрған.

Жалпы, Қарағандыда 1426 көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындары ыстық су тұтынады.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button