Уақыт танытқан таңдау

    Жуырда Қарағанды қаласындағы Балаларға қызмет көрсету бойынша №1 кітапхана филиалында №16 орта мектептің 9 сынып оқушыларына «Болашақ және латын әліпбиі» тақырыбында ақпарат сағаты өткізілді.

Мұндағы мақсат – оқырмандарды қазақ әліпбиінің латын графикасына көшу мәселесімен таныстыру, қазақ тілінің деңгейін арттыру және тұрғындарды латын графикасына көшуге дайындау.

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек» деп, латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін айшықтап берген еді.

Шара барысында «Латын әліпбиіне көшу – барлық қазақстандықтардың міндеті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, өз кезегінде оқытушы Альбина Григорьевская жаңа әліпби бойынша «Сөз құрастыру» ойынын өткізді. Бұл ретте оқушылар да зор қызығушылық танытып, сөз бен сөйлем құрастырып, машықтанды. Сондағы түйгеніміз – шараның ойын түрінде өтуі балаларға жаңа әліпбиге жылдам бейімделуге көмектеседі екен.

А.ӘШІРОВА,

Балаларға қызмет көрсету бойынша

№1 кітапхана

филиалының меңгерушісі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.