Турнир кестесіндегі орнын сақтап қалды
Хоккейден ел чемпионаты аясындағы ойындар жалғасуда. Қарағандылық «Сарыарқа» кезекті ойынында өз алаңында «Горняк Рудныйды» қабылдап, алғашқы кездесуінде 3:4 есебімен жеңіліп қалды. Ал, екінші ойынында 3:1 есебімен есе қайтарды.
Жерлестер үшін бұл – маңызды ойын еді. Себебі, екі команда да турнир кестесінде иық тірестіріп келеді. Яғни, ұпай сандары – тең. Жоғары көтерілу үшін қос командаға да жеңіс қажет. Жерлестер бірінші кездесуде есе жібергенімен, екінші ойында қателік жібермеді.
Ойын – тартысты өтті. Алғашқы айналымда есеп ашылмады. Тек, ойынның бірінші шайбасы 35-ші минутта соғылды. Гол авторы – Глеб Зайцев. Осылайша, жерлестер есепте алға шықты.
54-ші минутта қарағандлылық клубтың шабуылшысы Егор Кузьменко есепті еселеді. Дегенмен, қарсыластар да қарап қалмады. Ойынның 62-ші минутында есеп алшақтығын қысқарты. Гол авторы – Денис Гурьев.
Жерлестер бұнымен тоқтап қалмады. 68-минутта қарағандылықтар сапынан Никита Баженов қақпадан саңылау тауып, шешуші шайбаны салды.
Осылайша жерлестер турнир кестесіндегі өз орнын сақтап қалды. Қазір олар 33 ұпаймен – V орында.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz