Жаңалықтар

«ТУҒАН ЕЛГЕ САЯХАТ»

     Теміржолшылардың 200-ден астам балалары  «Туған елге саяхат» теміржол туристік пойызымен «Астана-Екібастұз – Алматы- Байқоңыр – Астана» бағдарымен сапарда. Олардың қатарында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобындағы кәсіпорындардың балалары да бар. Балалардың барлығы да шалғайда тұратын, сабақтарын үздік оқитын, көп балалы, толық емес отбасыларынан. Олардың арасында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Әлеуметтік жобалар қоры, «Samruk-Kazyna Trust және «Қазақ радиосы» бірлесіп ұйымдастырған «Ғаламшарды қалай сақтап қаламыз?» байқауының жеңімпаздары да бар.  Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

«Балалар сапары барысында «ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесімен де танысады. Екібастұздағы ірі жылу – электр орталығының қызметімен, көмір бассейнімен, Төретам станциясындағы Байқоңыр ғарыш айлағының тарихымен, оңтүстік астанадағы зоопарк, аквапаркті тамашалап, қаланы аралайды», – дейді «ҚТЖ» ҰК»АҚ Әлеуметтік жобалар қорының директоры Ербол Кеңгірбаев. Балалар сапар барысында түрлі байқауларға, ойындарға, танымдық сабақтарға, ағылшын тілін үйрену курстарына қатысады.

Биылғы тамызда «Туған елге сая­хат» екінші туристік пойызы «Астана-Ақтау-Түркістан–Алматы-Астана»  бағдарына сапар шегеді.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button