Жаңалықтар

Топ іске кірісті

Жуырда Приозерск қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін көтеру және алдын алу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Бірге! Парасыз болашаққа!» атты мобильді топ құрылды.

Бүгінде мобильді топтың мүшелері азаматтармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы ақпараттық-түсіндіру бойынша кездесуді бастап кетті. Мобильді топ өз қызметінде қолданылатын ныса­налы индикаторлары ретінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын жақ­сар­ту, қоғамның мемлекеттік билік институт­­тарына сенімін, халықтың құқықт­ық мәдениетінің деңгейін анықтау, мем­лекеттік қызметтер көрсетілетін орындарда жедел түрде азаматтарды қабылдауды жүзеге асыруды жолға қойып отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатпен ақпараттандыру мобильді топтың негізгі қызметтерінің бірі. Мемлекеттік қызмет сапасын жұртпен бірге жұмылып, сараптайтын болады.

Өз тілшімізден.
ПРИОЗЕРСК қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button