Спорт
Тоқсан келіде топ жарды
Перуде дзюдодан өткен кадеттер арасындағы Әлем чемпионатында қарағандылық «Жас сұңқар» спорт мектебінің оқушысы Санжар Ерұланұлы 90 келі салмақта әлем чемпионы атанды. Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше байрақты бәсекеге әлемнің 48 елінен 400-ге жуық дзюдошы қатысқан.
Әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған Санжар Ерұланұлы жарыстағы өнерін екінші айналымнан бастап, чемпионат барысында төрт кездесуде жеңіске жеткен. Финалда жерлесіміз украиналық қарсыласы Дмитрий Лебидті мерзімінен бұрын ұтып, жарыс жеңімпазы атанды.
Айта кетейік, бұл Санжардың кадеттер арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы алтыны. Бұған дейін дәл осы салмақта Қазақстан чемпионы болған.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.
Видео: kaz_judoteam