Жаңалықтар

ТІЛСІЗ ЖАУДАН САҚТАНЫҢЫЗ

      Биылғы суға шомылу маусымы басталғалы облыстың су қоймаларына 23 адам батып кеткен. Қаза болғандардың арасында 7 бала бар. Бұл туралы Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

ТЖД қызметкерлері полицейлермен, қалалық және аудандық әкімдіктер мамандарымен бірлесіп, су қоймаларының жағалауларында жүйелі түрде рейдтер өткізеді. Шомылу маусымы басталғалы 5662 тұрғынмен әңгіме жүргізілген, дәрістер өткізілген. «Бұл қатарда балықшылар мен оқушылар да бар», – деп хабарлайды төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі. Рейдтер барысында демалушыларға суда өзін қалай ұстау ережелері жазылған парақшалар таратылады. Сонымен қатар, бақылаушылар су жағасына келген тұрғындардың спирттік ішімдіктер пайдаланбағанын қадағалайды.

Құтқару бөлімшелері шомылу маусымының аяғына дейін күшейтілген режимге ауыстырылған.

Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарын, қонақтарды, балалар лагерлерінің, демалыс орындарының қызметкерлерін, су шаруашылығы нысандарының басшыларын өздерінің және өз жақындарының қауіпсіздігін ойлап, судағы ережелерді ұстануға шақырады.

 Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button