Руханият

Тілге құрмет танытты

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Конституциясы күні мен Қазақстан Республикасының Тілдері күні мерекесіне арналған іс-шаралар аясында «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 31775 әскери бөлімінде сарбаздар арасында «Тілге құрмет – елге құрмет» атты әсерлі сайыс ұйымдастырылды.

Сайыс барысында «Қыран» және «Жалын» аталатын екі топқа бөлінген сарбаздар өздеріне берілген бес тапсырма бойынша дайындықтарын келісті түрде көрсете білді. Олар бірінен-бірі қалыспай Отан, отбасы, ұлттық тәрбие тақырыбына қатысты мақал-мәтелдерді жарыса айтып, қазақ билерінің шешендік сөз үлгілерін мәнеріне келтіре орындады. .

Байқау-сайыстың «Білгенге – маржан» атты бөлімінде де ерекшелене білген сарбаздар майдангер, қазақ поэзиясының қуатты өкілі Қасым Аманжоловтың тіл туралы өлеңдерін жатқа оқып, өздерінің төл туындыларын да ортаға салды.

Сайысқа қатысушылар сындарлы сын соңында «Ананың тілі» әнін қосыла шырқады.

Өздерінің өнері мен өнегелі тәрбие ұстанымдарын жарқырата көрсеткен сарбаздарға бөлім командирінің Алғыс хаттары табыс етілді.

Т.СМАҒҰЛОВА,

31775 әскери бөлімінің кітапханашысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button