Тілді дамыту – ұлтты дамыту

   Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялағаннан бері мемлекеттік тілді дамыту мәселесі бір сәт қалыс қалған емес. Себебі, тілді сақтау – ұлтты сақтау, мемлекетті сақтау. Тілді дамыту – ұлтты дамыту, мемлекетті дамыту. Мемлекет тарапынан мемлекеттік тілдің, яғни қазақ тілінің өркендеп-өсіп, өрісінің кеңейіп, аясының ауқымдана түсуі үшін кезең-кезеңімен қадамдар жасалып келеді.

Отанымыздың өркениетті елдер қатарына қосылуы және мемлекеттік тіліміздің мәртебесін өсіру мақсатында жүзеге асырылғалы отырған елеулі қадамдардың бірі – «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының қабылдануы. Елбасы осы  мақаласында латын әліпбиіне көшу мәселесін атап айтқан. Латын әріптері қазақ тілінің грамматикалық, фонетикалық талаптарын өзгеріссіз сақтайтыны  және өзге де тигізер пайдасы жөнінде тіл саласының мамандары жан-жақты дәлелдеп беріп отыр.

Алайда, бізге тіл жанашыры ретінде маңыздысы – латын әліпбиінің қазіргі жаһандану заманында мемлекетіміздің дамыған елдер қатарынан орын алуымен қоса тілімізді, ұлттық болмысымызды сақтап және болашақ ұрпаққа қалдырудағы атқаратын рөлі болмақ.

Осы ретте, мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшу реформасы, аздаған қиындықтарға қарамастан, қолдау тауып және өз жемісін береді деп сенім білдіреміз.

 

Т.ЫСҚАҚОВ.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.