Руханият

Тіл мерейін тасытқан мереке

Тілдер күні – еліміздегі ерекше мереке. Сонымен қатар, бұл мереке биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Байтақ елімізде жүзден аса ұлт пен ұлыс тату-тәтті ғұмыр кешуде. Олардың тілін дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Қазақ, орыс, кәріс, татар тілдерінде кітаптар, газет-журналдар шығарылады, ұлттық бағдарламалар, радио және теледидар және бар. Мұның барлығы елімізді мекендеген ұлыстардың тіліне, мәдениетіне зор қамқорлық екені даусыз.

Аталған мерекеге орай, «Моло­дежный» Мәдениет сарай­ында «Тілім менің – тұтастығым, елдігім!» атты фестиваль өтті. Онда «Казачья вольница» Дала казактарының одағы, «Ихлас» татар-башқұрт мәдени орталығы, «Дакия» румын мәдени қоғамы, «Әжелер» қазақ мәдени орталығы, «Улыбка» және «Росинка», «Жас толқын», «Асыл» үлгілі хореографиялық ансамбльдері және оқушылар өнер көрсетті. Мерекені мем­лекеттік тілде жүргізген ұлты татар Евгения Шайхуллина жиналғандардың қошеметіне бөленді.

Жалпы, Қарағанды қаласында Тілдер күніне арналған шаралар мұнымен шектеліп қалған жоқ. Шаһар аумағындағы түрлі мә­де­ни ошақтарда мерекелік бағ­­дарламалар, конкурстар, дөң­ге­лек үстел, викториналар ұйым­дастырылғанын атап өткен жөн.

Өз тілшімізден.

Қарағанды қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button