Тіл болашағы үшін жасалған қадам
Латын әліпбиіне көшу – болашаққа батыл қадам жасап, елімізді төрткүл дүниеге танытып келе жатқан Елбасының тағы бір маңызды бастамаларының бірі. Сонымен қатар, тіліміздің болашағы үшін жасалған ғылыми маңызды шара. Тәуелсіз елдің негізгі белгілерінің бірі ретінде жазудың маңызы өте зор.
Мемлекеттік тілді жаңғырту қажеттілігі, оның ішінде латын графикасына өтуі туралы мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап айтылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруды міндеттеуі көңілге көп ой салады. Себебі, бұл сөз тілінің болашағын ойлаған тіл мамандары мен тілге жанашыр зиялы қауымның көкейіндегі ойды дөп басқандай. Қазіргі әліпбиіміз бен жазуымыздағы халықтың өз еркімен қалап алмаған, кешегі кеудемсоқ жүйенің өктем саясатының әмірімен күшпен таңылған кейбір кірме әріптерден арылып, таза қазақ әліпбиін жасау бағытындағы игілікті қадам деп түсінеміз. Қазіргі қазақ жазуында қолданылып жүрген әліпбиді латын әріптерімен ауыстыру мәселесіне алаңдаушылық тудырып отырғандар бар. Бірақ, бұл болашаққа батыл қадам жасап, елімізді төрткүл дүниеге танытып келе жатқан Елбасының тағы бір маңызды бастамаларының бірі және дер кезінде қозғалған тіліміздің болашағы үшін жасалған ғылыми маңызды шара деп түсіну керек.
Әсел АСАНОВА,
М.Бәпиұлы атындағы ЖББ №44 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.