Жаңалықтар

Тиімді оқыту ортасы

Қазақстандағы білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім мазмұны – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын бағдарлама болып табылады.

20170630_093810Бағдарламаның негізгі идеясы – білім беру сапасын халықаралық деңгей дәрежесіне жеткізу, үдерісті бақылау және бағалауға бағытталған. Осы үдерістерге тікелей атсалысатын мұғалімдер үшін еліміздің түкпір-түкпірінде жаңартылған білім мазмұны бойынша, білім ұйымдарының ұстаздарын жаппай оқыту кезеңі жүруде. Қарағанды қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығының филиалында бастауыш сынып бойынша жаңартылған білім мазмұнына сәйкес білім көтеру бойынша тәжірибе жинақтадық. Алғашқы күні білім мазмұнының жаңартылуы жөніндегі сұрақтарға жауап бере отырып, МЖМБС, оқу бағдарламасы, бағалау жүйесі туралы білдік. Дәріс оқыған Акшегуль Ақмағамбетованың  шеберлігіне байланысты бірінші сынып ғана емес, екінші сыныптың қазақ тілі мен әдебиеті пәндерімен ықшам сабақтар, тиімді кері байланыс, критерий, дескриптор, рубрика, модерация ұғымдарын талдадық. Алдағы уақытта дәстүрлі түрде тиімді оқу ортасын құра отырып, оқушы қажеттілігіне жұмыс жасаймыз.

 

Айгүл ЖҰМАТАЕВА,

№2 Қорғасын жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш

сынып мұғалімі.

ҰЛЫТАУ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button