Бас тақырып

Теміртауда жылу желілері қайта жаңартылуда

Теміртауда сапалы жылумен қамтамасыз ету үшін 2022 жылдан бері ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Биылғы жазда қалада магистральдық желілермен қатар квартал ішіндегі желілер жөнделді. Сол желілердің көлемі бұрынғысынан екі есеге ұлғайтылды. Аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев іс-сапармен Теміртауға барып, атқарылған жұмыстармен танысып қайтты. Әрі сапар соңында қала және Ақтау кентінің тұрғындарымен кездесті.

Суреттерді түсірген
Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Өңір басшысы келесі жылы тағы да бірқатар жобалардың атқарылатынын баса айтты.

–  Жалпы, алдыңғы кездесуден кейін белгілі бір жұмыс жүргізілді. Біздің басты міндетіміз – сапалы жылумен қамтамасыз ету. Біз бұл жұмысты келесі жылы жалғастырамыз. Сараптаманың оң қорытындысы бар. Яғни, жалпы ұзындығы 12,3 шақырым болатын жылу желілерінің бес учаскесін қайта жаңартуға ЖСҚ дайын, – деді өңір басшысы.

Теміртау мәдениет сарайындағы кездесу екі сағатқа созылды. Тұрғындар кездесу барысында жалпы қала бойынша және нақты аулалардағы мәселе жайында айтып берді.

– Республика даңғылы 47 мекенжайындағы көпқабатты үйде лифт істен шыққан. Оны қалпына келтіргенше күте алмаймыз. Себебі, осы үйдің тұрғындарының тең жартысынан көбі – қарттар. Олар жоғарғы қабатқа жаяу көтеріліп, жаяу түсуге қиналады. Осы мәселені бір жақты етіп берсеңіздер, – деді тұрғындар.

Аймақ басшысы мәселені жеделдетіп шешуді тапсырды. Одан бөлек, ТКШ мәселесі теміртаулықтар үшін бас ауруына айналғаны қашан?! Атап айтсақ, алтыншы шағын ауданға жаңа кәріз коллекторын салу қажет. Қала әкімі Ғалым Әшімов болса осы мәселені шешу үшін қажетті есептеулер жүргізілгенін хабарлады.

Одан бөлек, теміртаулықтар ашық құдық, қоғамдық көліктің жұмысы жайында мәселе көтерді. Ойын алаңдарының жай-күйі, мектептердің жанындағы жарықтандыру, қоқыс, қаңғыбас иттердің де мәселесін қозғады.

Ал, Ақтау кентінің тұрғындарына орталық қазандық қажет. Ал, бүгінде қазандықтың жобалау-сметалық құжаты әзір. Тіпті, мемлекеттік сараптамада. Тек, қорытындысын күтіп отырмыз деседі. Ал, қорытындысы шыққаннан кейін қаржыландыру мәселесі шешілмек.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button