АймақТеміртау

Теміртауда тағы екі күн су кесте бойынша беріледі

Естеріңізге сала кетейік, Теміртау қаласында 11 шілдеден су кестемен беріліп жатқаны туралы хабардар еткен болатынбыз. Оның себебі, су құбырларының тозығы жетіп, суық су тұтыну көлемінің артуында. Қала әкімдігі алдағы екі күнде осы процес тағы да кестеге сәйкес жүргізілетінін хабарлады.

– Сумен жабдықтау жүйесіндегі апат 12 шілдеде жойылды. Қазір су кесте бойынша беріліп жатыр. Шамамен екі күн бойы осы кестені ұстану жоспарланып отыр, – делінген әкімдіктің хабарламасында.

Су тоқтаған уақытта үйлердің ауласына аранйы көліктер арқылы су жеткізіледі.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button