Аймақ

Теміртауда ауыз су кесте арқылы беріліп отыр

Ертіс-Қарағанды су құбырының тозуына байланысты Теміртауда ауыз су 11, 12, 13, 14 шілдеде сағат 06:00-ден 10:00-ге дейін және 18:00-ден 23:00-ге дейін ғана беріледі.

Бұл туралы аталған қаланың бір бөлігін сумен қамтамасыз ететін «Оқжетпес-Т» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі әлеуметтік парақшасында хабарлады. Желідегі жөндеу жұмыстарына байланысты олар ауыз сумен жабдықтауды кесте бойынша беруге мәжбүр.

Ақпаратты құзырлы орган да растады. Теміртау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Гүлнұр Абдугалиеваның айтуынша, мұндай шара – уақытша. Демалыс күндерінде су беру жүйесі толық іске қосылады.

Теміртауға ауыз су келетін құбырдың жалпы ұзындығы – 27 шақырым. Ол 1973 жылдан бері жөндеу жұмыстарын көрмеген. Тозығы жетіп тұр. Бірақ, биыл 5 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде.

Сондай-ақ, тұтынушылардың өтінімдері бойынша су тасымалдау ұйымдастырылады. Ол үшін +7 702 320 65 92 сенім телефоны жұмыс істейді. Қала әкімінің баспасөз хатшысы тұрғындар тарапынан әзірге арыз-шағым түспегенін айтып отыр.

Салтанат ІЛИЯШ,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button