Теміртауда тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды

Бүгін Теміртау қаласының 7 ықшамауданындағы №6 үйдің алтыншы кіреберісі карантинге жабылды. Бұған осы үйде тұратын азаматтан COVID-19 инфекциясының анықталуы себеп болған.

«Карантин 14 күнге созылады.  Кіреберіс тұрғындары медициналық бақылауға алынды. Пәтерлерге және кіреберіске дезинфекция жасалды. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері үйді күзетуде. Тұрғындар үшін азық-түлік, бірінші қажеттіліктерді жеткізіп беру және қоқыс шығару қызметі ұйымдастырылды. Қазіргі таңда сырқатқа шалдыққан азаматпен байланыста болған тұлғалар анықталуда. Карантин аяқталған соң тұрғындар қалыпты тұрмысына орала алады», — деп хабарлады облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.