Теміртауда ескекшілер сайысы өтті

Еліміздің мықты ескекшілері Теміртауға жиналды. Мұнда ескек есуден республикалық V спартакиада өтті.

Үш күнге созылған сайысқа Батыс Қазақстан, Түркістан, Павлодар, Қарағанды облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласынан 82 спортшы қатысып, өзара жарысқа түсті. Тартысты додада мықтылар жеңіс тұғырынан көрінді. Яғни, Светлана Германович, Алина Мочула, Анна Степанова, Ирина Латыпова, Александр Маслов, Егор Рыченко, Михаил Таскин, Виталий Васильев, Анастас Шашков әртүрлі сындарда топ жарды. Енді, жеңімпаздар халықаралық жарыстарда бақ сынамақ.

Қасымхан Ғалым