Спорт

Теміртауда дзюдодан халықаралық турнир басталды

Теміртауда дзюдодан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Амантай Айдархановты еске алуға арналған «Магнитка жұлдыздары» XXIII халықаралық турнир басталды. Жарысқа Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан және Қырғызстан елінен 2008-2009 жылдар аралығындағы 700-ге жуық спортшы қатысуда.

Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан

Жарысты Теміртау әкімдігі, Qarmet компаниясы, Қарағанды облысының дзюдо күрес федерациясы және Jenyc кәсіби клубы ұйымдастыруда.

Турнир Qarmet спорт кешенінде төрт күн бойы өткізіледі. Ал, 29-31 қазан аралығында жеке біріншіліктер, 1 қарашада командалық сайыс өтеді.

Турнирдің қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге естелік және ақшалай сыйлықтар табысталады. Соңында оқу-жаттығу лагері жоспарланған.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button