Теміртау

Теміртауда алаяқ жалған купюрамен тауарлар мен қызметтерді төлеп жүрген

Теміртауда алаяқ жалған купюрамен тауарлар мен қызметтерді төлеп жүрген, – деп хабарлады Polisia.kz.

Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөліміне 22 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Ол дүкені бар жеке кәсіпкер екенін айтты. Бірнеше күн бұрын сауда нүктесіне сатып алушы келіп, 20 мың теңге көрсетілген бағамен сатып алған тауарының ақысын төлеген. Ол кезде сатушы одан ерекше ештеңе байқамады. Кәсіпкер ақшаны банк мекемелерінің біріне апарып бергенде, алаяқтық фактісі белгілі болды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – ауылдық округтердің бірінің 37 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол мойындау көрсетпелерін берді. Тергеу барысында полицейлер алаяқтың осыған ұқсас екі қылмысқа қатыстылығын анықтады.

Сонымен, қаскөй таксиге мінгені үшін 20 мың теңгелік кәдесый купюрасын ұстаған. Оның үстіне ол ақшаның орнына толыққанды 18 мың теңге алған. Алаяққа қатысты сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button