Теміртауда 57 жастағы әйелден коронавирус анықталды

Бүгін Теміртау қаласының 57 жастағы тұрғынынан коронавирус инфекциясы анықталды. Ол бұрын пневмониямен пульмонологиялық орталыққа жатқызылған.

Айта кетейік, жалпы алғанда Қарағанды облысы аумағында  COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 90 жағдайы тіркелді. Оның ішінде бір адам қайтыс болды және  бес пациент жазылып шықты. 

Бұдан бөлек, 816 адам тәулік бойы бақылауға алынған. Олар — 1А және 1Б санатындағы елдерден оралғандар немесе жұқтырған адаммен байланыста болған тұлғалар. Сондай-ақ, 2350 адам үй карантинінде.