КоронавирусТеміртау
Теміртауда 2 адамнан COVID-19 анықталды
Бүгін Теміртау қаласында екі адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Олар індетке шалдыққан адаммен жақын қарым-қатынаста болып, стационарда оқшауланған.

«Екі науқас та Теміртау қаласының тұрғындары. Олардың бірі — 18 жаста, екіншісі — 52 жаста.
Бүгінгі таңда облыста коронавирус инфекциясын жұқтырудың 89 жағдайы тіркелді. Оның ішінде бір науқас қайтыс болды және бес пациент жазылып шықты», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.



