Теміртау құбырларының 80%-ға жуығы тозған. Сондықтан, биыл қалада бірден екі жылу желісі бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімі Ораз Тәуірбеков БАҚ өкілдеріне жұмыс барысы туралы баяндады.
Биыл қалада 29 шақырымға жуық жылу желілері жөнделеді деп жоспарлануда. Бүгінде №1 жылу магистралі бойынша дайындық жұмыстары жүргізілген. Амангелді көшесіндегі №2 жылу магистралінде 1,8 шақырым жөнделіп, Абай көшесінде 4,6 шақырым құбыр ауыстырылады. Одан бөлек, Республика даңғылынан Амангелді көшесіне дейінгі Металлургтер даңғылындағы №3 жылу магистраліне күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады.
– Теміртауда жылу магистральдарына күрделі жөндеу жұмыстары ойдағыдай. Бүгінде Бейбітшілік даңғылынан Абай даңғылына дейінгі учаскеде құбырларды монтаждау, блоктар орнату, бекітілген тіректерді бетонмен құю, тығыздағыш компенсаторларды монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Сапаны бақылауды техникалық қадағалау мен қоғам белсенділері жүзеге асырады. Жобалар іске асқаннан кейін желілердегі апаттылықтың төмендеуі және қаладағы жылумен жабдықтау сапасы жақсарады деп күтілуде, – деп сендірді Ораз Тәуірбеков.
Одан бөлек, №2 жылу магистралінің учаскесін қайта жаңарту бағытында 2200 метр құбыр орнатылып, монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Қаражат жергілікті және республикалық бюджеттен бөлінген.
Толығырақ ақпаратты «Ortalyq Qazaqstan» газетінің кезекті санынан оқи аласыздар.
Ерқанат КЕҢЕСБЕК,
Ortalyq.kz