ТеміртауАймақ

Теміртау қаласының әкімі дауыс берді

Бүгін еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды күндердің бірі – Құрылтай сайлауы. Осыған орай Теміртау қаласының әкімі Сапар Сатаев сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.

Сурет автордан

Бүгінде Теміртау қаласында 61 сайлау учаскесі жұмыс істеп, қала тұрғындарының өз конституциялық құқығын жүзеге асыруына мүмкіндік жасауда.


Қала әкімі сайлауға қатысу әр азаматтың ел мен туған қаланың болашағына деген жауапкершілігін білдіретін маңызды азаматтық ұстаным екенін атап өтіп:

– Теміртау — еңбекқор, қайсар және жауапкершілігі жоғары азаматтарымен ерекшеленетін қала. Қаланың одан әрі дамуы мен тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруда әр азаматтың белсенділігі мен қоғамдық жауапкершілігінің маңызы зор, – деді.

Сондай-ақ қала әкімі жастардың ел болашағын қалыптастырудағы рөліне тоқталды. Бұл күні қала тұрғындары да елдің және туған қаланың болашағына қатысты азаматтық ұстанымын білдіруде.

Ержан ИМАШ,
ТЕМІРТАУ

Автор: Ержан ИМАШ

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button