Өте оңтайлы шешім
Президент төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында халықтың тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында «Отбасы банкі» құрылатынын мәлімдеді. Кезекте тұрған адамдарды несиелік тұрғын үймен оңтайлы қамтамасыз ету үшін «5-10-20» бағдарламасын іске қосуды тапсырды.
– Биыл елде рекордық деңгейдегі 15 млн. шаршы метр немесе 150 мың үй мен пәтер салынады. Азаматтарымыздың тұрғын үй жағдайын жақсарту жұмысын жалғастыру керек. Бұл – Үкіметтің стратегиялық бағыттарының бірі, – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Алдағы уақытта бағдарлама аясында баспанасыз жүрген жас мамандарға көңіл бөлінеді деген сенімдеміз. Баспаналы болудың жолдары оңайлатылса, алғашқы кезеңде жастардың әлеуметтік мәселелері шешімін табар еді. Әрине, тұрғын үйге қол жеткізу үшін тынбай еңбек ету – өз мүддеміздегі іс.
Расул ҚАСЕНХАН,
Қарағанды облысы жастар ресурстық орталығының директоры.