Жаңалықтар

Тазылар – Тұғырда

      Қарағандылық тазылар Қазақстан Кубогінде үш жүлдеге ие болды. Кубок «ЭКСПО – 2017» көрмесі шеңберінде ұйымдастырылды.

Ұлттық спорт түрлері бойынша Астанада өткен жарыста «Елес» атты тазы экстерьер (дене бітімі) сынында алтын медальді иеленді. Ал, «Тұйғын» атты құмай механикалық қоян қуу бәсекесінде екінші нәтижені көрсетсе, экстерьер байқауында үшінші тұғырға тұрақтады.

Тазылардың қожайыны жезқазғандық Дастан Хасенов ит баптау өнерін қолға алғалы біраз болды. Бұған дейін де тазылары бірқатар сайыстарда орын алған.

Әзірге, қазақы тазы мен төбетті өсіру ісіне мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау болмай тұр. Себебі, ұлттық спорт түрлері реестріне тіркелмеген. Бүгінде ұлттық спорт жанашырлары бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізуде.

Нұрқанат ҚАНАФИН.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button