Жаңалықтар

Тариф құнын төмендету қажет

     IMG_6231Облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ Қарағандыдағы ЖЭО-3 тынысымен танысқанда осындай тапсырма берді. Станцияға сапары барысында аймақ басшысы назар аударған басты мәселелер – жылыту маусымына әзірлік барысы мен шекті тарифі болды.

Қарағандылық ЖЭО-1 және ЖЭО-3-ті 2017-2018 жылғы жылыту маусымына дайындау үшін 3,4 млрд. теңге жоспарланған. Оның ішінде, құбыр және қазандық агрегаттарының күрделі және кеңейтілген ағымдағы жөндеу жұмыстарына – 2,6 млрд. теңге, ал қосалқы жабдықтар, ғимарат пен құрылымдарды жөндеуге – 782 млн. теңге қарастырылған. ЖЭО-3-те бір қазандық агрегаты мен бір турбинаны күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Жеті қазандық агрегат пен бес турбинада ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Барлық жұмыстар жоспарлы мерзімге сай кестемен өткізіліп жатыр, – деді «Қарағанды Энергоорталық» ЖШС бас директоры Мәди Әбішев.

Жаңғырудан соң қарағандылық ЖЭО-3 белгіленген электр қуаты көрсеткіші бойынша еліміздегі ең ірі жылу электр орталығы болды. Қазіргі таңда оның қуаттылығы 670 МВт құрайды.

Белгіленген жылу қуаты – сағатына 1400 Гкал-дан асады. Станция қалаға қажетті жылуды таратуға дайын. Алайда, оны жаңа тұтынушыларға жеткізу үшін үшінші жылу шығарғыш салу керек. Бұл мәселе бұрыннан бері қозғалып келеді, жоба қымбат. Бұл ретте, билік қолдауы қажет. Ерлан Қошанов бұл проблемалардан хабардар және оны шешу жолдарын компания басшыларымен бірге талқылады.

2009 жылдан бері Үкімет энергия көздері үшін шекті тариф енгізгелі компания кезең-кезеңмен инвестициялық бағдарламаны жүзеге асырып келеді. Компанияның мәліметінше, 5 жыл аралығында ЖЭО-3 жабдықтарын қайта құруға, жаңғыртуға және қуатты кеңейтуге 65 млрд. теңге жұмсалған екен. Бұл шаралар станцияның беріктігін анағұрлым ұлғайтқан. Сонымен қоса, шекті тарифтен түскен түсімдер 40 млрд. теңгені құраған.

Мен түсінемін, шекті тарифті енгізудің қажеттілігі болды. Ал, қазір тұрғындар үшін оны төмендету мүмкіндіктерін қарастыру керек, – деді Ерлан Қошанов.

Облыс әкімі өзінің орынбасары Анатолий Шкарупаға компания басшылығымен осындай сараптама жасап, есептеулер жасауды тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button