Жаңалықтар

«Тараз» мықтылығын танытты

Сенбі күні Қарағандыда «Таразды» қабылдаған «Шахтер» 0:1 есебімен есе жіберді. Жиырма екі турда 24 ұпай жинаған жерлестеріміз – Премьер-Лига бәйгесінің 9-шы сатысында.

Ойынды қарағандылықтар қарқынмен бастады. Қақпаға алғашқы болып доп бағыттады. Бірнеше мәрте есеп ашуға мүмкіндік алды. Алайда, «Тараздың» қақпашысы Владимир Логиновский қақпасын қорғауда қырағылық танытты.

Марко Станоевичтің пасын қабылдап алған Милан Стояновичтің соққысы қақпадан сәл-сәл қиыс кетті. Юлиус Сзоке, Иржи Валента мен Сергей Хижниченконың тепкен доптары қақпашының қолынан табылды.

Дегенмен, «тараздықтар» да қорғаныспен шектелмеді. 83-ші минутта «тараздық» Андрей Горбанец Жан-Эд Мориске доп көтеріп, Морис баспен теңбіл допты қақпаға тоғытты. 0:1.

Сөйтіп, «Тараз» командасы туған жеріне жеңістің туын желбіретіп қайтты.

Көмірлі шаһардағы кездесуден кейін «Тараз» 27 ұпаймен 6-шы сатыға көтерілді. «Шахтер» 24 ұпаймен 9-шы сатыға сырғыды.

Көш басында – 51 ұпайы бар елордалық «Астана». Екінші сатыдағы алматылық «Қайратта» – 47 ұпай. Шымкенттік «Ордабасы» 41 ұпаймен үздік үштікті түйіндеп тұр. Ал, турнир кестесінің соңында 16 ұпайды еншілеген оралдық «Ақжайық» келеді.

Нұрқанат ҚАНАФИН

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button