Басты тақырыпРуханият

ТАБЫСТЫ БОЛУДЫҢ АЛҒЫШАРТЫ – ТЕРЕҢ БІЛІМ

       Балалар үйлері мен арнайы түзеу мектептерінен 1500 жас суретші «Болашақ» қорының шығармашылық байқауларына қатысты. Үздік голливудтық фильмдерді қазақ тіліне дубляждау бойынша жобаны іске асыру сөзсіз жаңалыққа айналды. Осылайша, болашақтықтардың бастамасының арқасында қазақ тілі бүкіл әлем бойынша DVD, Blu-Ray-де көруге болатын голливудтық фильмдердің негізгі 7 тілінің қатарына енді.

1499741185_article_b_1500_

Қазіргі заман шартында талапты, бәсекеге қабілетті, жеткілікті деңгейде білімі мен кәсіби дағдысы бар адам ғана жаңа белестерді бағындыра алады. Сондықтан, Қазақстан адами капиталдың сапасын үнемі басты басымдық ретінде белгілейді.

Президент болашақтың стратегиясын сауатты, білімді, жауапкершілікті өз мойнына ала білетін жастармен байланыстырады. Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін атап көрсетті. Осы орайда, Қазақстанда барлық жағдай жасалған. Сапалы білім алу және зияткер ұлтты қалыптастыру үшін жастарға барлық жолдар ашық.

Президент қазіргі замандағы жоғары деңгейдегі білімнің рөлін айқын белгілей отырып, білімнің салтанат құруының маңыздылығы туралы айтты. Өз туған жеріңе деген патриотизм, адами капиталдың сапасын арттыру мен дамытуға ұмтылыс елімізді отандық мәдениетті ілгерілетудің сапалы жаңа деңгейіне, әлемдік сахнаға шығаруға мүмкіндік береді.

Тәуелсіздік жылдарында еліміз өмірдің барлық саласында қарқынды даму үшін зор әлеует жинақтады, әлемдік саяси кеңістікте берік орынға ие болды. Өткен жылдарды саралай отырып, бұл кезең жүйелі білім, тәжірибе мен күш жинақтаудың, Қазақстанның одан әрі дамуын анықтайтын маңызды өзгерістерге дайындық уақыты болғанын түсінеміз.

Егер бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның Үшінші жаң­ғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жол­дауында елдің экономикалық, әлеу­меттік, саяси дамуының бағыттарын белгі­леген болса, ал рухани жаңғыру жөнін­дегі мақа­ласында Қазақстан халқының ұлттық сана­сының маңызды түрлендірулерін айқындады.

Ұрпақтар сабақтастығы мен байланысын сақтай отырып біз жаңа білім үшін ашық болуымыз шарт. Қазақстан халқының бірлігін, оның біртұтастығын нығайта отырып, біз менталды деңгейде жаһандық әлемнің бір бөлігіне айналуымыз керек.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында және Президент мақаласында көтерілген білім беру секторын дамыту міндетін шешудің ықпалды шараларының бірі «Болашақ» бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады. «Болашақ» бағдарламасы – бұл қазақстандықтардың жаңа буынын қалыптастыру бойынша жоспардың маңызды бөлігі екенін Елбасы әлденеше рет атап айтқан болатын. Бағдарлама еліміздің кадрларды дайындаудың әлемдік жүйесіне тиімді әрекеттесуіне және үздік технологияларды қазақстандық экономикалық және әлеуметтік-мәдени кеңістікке енгізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Ел дамуының шешуші факторына айналып бара жатқан экономикалық білім уақыты келді. Бағдарламаның арқасында біліктілігі жоғары мамандардың қатары мен елдің еңбек және ғылыми әлеуеті жыл сайын артуда. Бүгінгі таңда 12 мыңнан аса стипендия берілді. Бұл бүгінгі күннің өзінде және келешекте Қазақстан өмі­рінің барлық са­ласының да­муына өз үле­сін қосатын бо­лашақ бас­қа­ру­шылар буынына, әлемдік деңгейдегі мамандарға аса маңыз­ды инвестиция.

Президент мақаласында сипатталған ата-бабалары­мыздың дағдылары – өзінің ұлттық және жеке ресурстарын нақты білу, оларды экономикалық пайдалану, өз болашағын жоспарлай алу бағдарлама түлектерінің өмірлік мақсаттарымен ұш­тасады. Біздің студенттеріміздің патриот­тылығы, реализм мен прагматизмге не­гіз­делген өз мүмкіндіктері мен шектеулерін ескере отырып нақты практикалық нәти­жеге бағытталғандығы – бұл тұлғалық әлеу­меттік капиталды қалыптастыруға берілген мүмкіндік үшін еліне деген алғысының көрсеткіші.

«Болашақтықтар» білім беру, ғылым, экономика, бизнес, мәдениет, денсаулық сақтау, журналистика, спорт салаларында, үкіметтік емес секторда қызмет ету­де. «Болашақтықтар» жұмыспен қамту, патриотизмді дамыту мен қайырым­дылық бойынша кең ауқымды жобалар­ды жүзеге асырады. Бүгінгі таңда «Бо­лашақ» қауымдастығы 12 мыңнан астам стипендиаттардың басын қосып отыр. Қауымдастық Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясында қойған мін­деттерін ескере отырып, төрт негізгі бағыт – кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту, білім трансфері, қайырымдылық пен саламатты өмір салтын қалып­тастыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Негізгі жұмыс жас­тар арасында жүргізіледі.

«Болашақ» бағдар­ла­ма­сының түлектері мектеп оқу­шыларымен, жоғары оқу орындарының сту­дент­терімен ой өрісті кеңейтуге бағытталған кездесулер өткізіп, оларды білім алуға ынта­лан­дыруға, өмірлік дұрыс жолды таңдауға септігін тигізеді.

2013 жылдан бастап «Біздің білім – біз­дің елге» акциясы жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, өткен жылы 3 мыңнан аса студент қатысқан 61 дәріс оқылды. Сон­дай-ақ, білім трансфері мақсатында біз Кор­поративтік университет аштық. Соның арқасында бағдарлама түлектері арасынан кәсіби бизнес-тренерлер мен коучтер дайындалды. Олар ТМД және шетелдердің үздік оқытушыларынан білім алды. Бүгінгі таңда Корпоративтік университеттің 15-тен аса түлегі консалтинг саласында қызмет етеді. Олар қызметін жаңадан бастап жүрген кәсіпкерлермен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге іске асырылатын «Бастау Бизнес» бірлескен жобасы аясында жұмыс істеуге тартылған. Ауыл тұрғындарына кәсіпкерліктің негіздерін үйрету, олардың бизнес-бастамаларын қолдау және сүйемелдеу ауылдағы бизнестің сапалы дамуына ықпал етеді.

Жұмыспен қамту және жастар кәсіп­керлігін дамытуға ықпалдасу маңызды бағыт болып қала береді. Осыған орай, «Бо­лашақ» қауымдастығы «Мансап» ор­талығын құрды. Оның аясында ма­ман­­дар мен жұмыс берушілердің қоры қа­лып­тас­тырылған. Бұл жұмыс www.r.bolashak.kz онлайн-тұғырна­масында ақысыз негізде жүргізіледі. Бүгін­гі таңда Орталықтың жұмыс берушілер мен ізденушілер қоры 6 мыңға жуық маман­ды құрайды. Жобаны іске асыру кезеңін­де 60-қа тарта адам жұмыспен қамтылды.

Серіктесі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры болып табылатын кең ауқымды жоба – «Startup Bolashak» бизнес-идеялар байқауы қазақстандық жастардың бизнес-бастамаларын қолдауға бағытталған. Байқаудың екі науқаны өткізілді, жүлде қоры 63 миллионнан астам теңгені құрады. Бұл – жас қазақстандықтардың ең үздік стартап-идея­ларына гранттық қолдау көрсету. Аталған қаржының мақсатты пайдаланылуына мониторингті «Даму» қорының мамандары жүзеге асырады. Ондаған стартап-жобалар осы жобаның арқасында жүзеге асырылды. Байқаудың екінші маусымының жартылай финалына өткен қатысушылардың өзі 12 кәсіпорын ашты.

Жас қазақстандықтар идеяларының басым көпшілігі өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды жүзеге асыруға, инновациялық технологияларды енгізуге бағытталғанын атап өткен жөн. Жалпы, бұл Қазақстанның экономикалық даму векторына сай келеді.

Қауымдастық аясында «Болашақ» қайырымдылық қоры қыруар жұмыс атқаруда. Білім беру, мәдениет, қазақ тілін дамыту салаларында өмірлік маңызы бар жобалар іске асырылады. Мәселен, «Әр бала мектепке лайықты» жобасын айтуға болады. Ол аутистикалық спектрдің ауытқуларына ұшыраған және ерекше қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру үдерісіне бейімдеуге арналған жоба. Аталған жоба іске асырылып келе жатқан екі жыл ішінде қор 7 инклюзияны қолдау кабинетін ашты. Астана және Алматы қалаларында екі психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жабдықталды, бұл жылына 300-ден астам баланы оңалтуға мүмкіндік берді.

Инклюзивті білім беру мен қолданбалы талдауға 180-нен аса маман оқытылды, 10 қазақстандық маман Израильде оқудан өтті.

«Жалпы білім беру гранттары» бағдарламасы аясында 17 жетім бала мен аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар Қазақстан колледждері мен жоғары оқу орындарында қордың қайырымдылық қаражаты есебінен білім алуда. Мүмкіндігі шектеулі 20 студент қордың графикалық дизайн мектебінде оқудан өтті, оның ішінде 7 бозбала тағылымдамадан өтсе, 3-еуі жұмысқа орналасты.

Балалар үйлері мен арнайы түзеу мектептерінен 1500 жас суретші «Болашақ» қорының шығармашылық байқауларына қатысты. Үздік голливудтық фильмдерді қазақ тіліне дубляждау бойынша жобаны іске асыру сөзсіз жаңалыққа айналды. Осылайша, болашақтықтардың бастамасының арқасында қазақ тілі бүкіл әлем бойынша DVD, Blu-Ray-де көруге болатын голливудтық фильмдердің негізгі 7 тілінің қатарына енді.

Disney өнімдері қазақстандық балалар үшін ана тілін үйренуде таптырмас құралға айналды. Миллиондаған балалардың сүйікті кейіпкерлері ана тілімізде сөйлеуде.

Жобаны іске асыру миллиондаған кино­көрермендер үшін сапалы контентке тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мен қазақ тіліндегі шетелдік кино қорын қа­лыптастыруға мүмкіндік береді. Қазақ тіліне дубляждалған балаларға арналған фильмдер «Назарбаев зияткерлік мектептері» АҚ кітап­ханасының танымдық ресурсы ретінде ұсынылған.

«Disney», «Marvel» және Қор атынан кино индустриясының көшбасшыларымен бірге қазақ тілін дамыту бойынша жобаға қатысу дәстүрлер мен жаңа технологияларды тиімді ұштастырып отырған маңызды басымдық болып табылады. Бүгінгі таңда 19 голливудтық кинокартина дубляждалды. Қазақ тіліне дубляждалған «Disney» студиясының 13 картинасына «Apple TV Itunes Store» ресми қосымшасының бейнехостингінде қазақ тіліндегі дыбыс жолағы қосылған. Бұл жоба «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыруға практикалық үлес болып табылады және Елбасының жоғары бағасына ие болды. Сондай-ақ, ол Қазақстан Кинематографистер одағының «Қазақстанның кино өнеріне қосқан үлесі үшін» сыйлығына ие болды.

«Болашақ» қауымдастығы – бұл игі және биік мақсаттарды көздейтін көптеген әлеуметтік жобалардың бастамашысы. Өт­кен жылы болашақтықтар 22 жоба­ны іске асырды, 25 мыңнан астам адам­ қатысқан 108 шара өткізілді.

Қауымдастық мүшелері үшін Елба­сы­ның бағ­дар­ламалық мақаласы – іс-әрекетке басшылық, жаңа стратегиялық бағдар.

Бақтияр МӘКЕН,

Парламент Мәжілісінің депутаты.

«Егемен Қазақстан» газетінен.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button