Ресми

Табиғат пен адам – егіз

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы экономикалық даму қажеттілігі мен табиғатты қорғау арасындағы теңдес­тірілген игі ахуалды қамтамасыз ете отырып, табиғи ресурстарды пайдалануды бақылайды. Табиғат қорын мейлінше ұтымды пайдалану бағдарламалары адам мен қоршаған орта арасындағы үйлесімділікті қалыптастыруға негіз десек жарасады.

Сурет: басқармадан алынды

Қарағанды облысының табиғи ресурс­тар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ережеге сәйкес орман, су ресурстарын, жануарлар дүниесін қорғау, табиғат қорғау іс-шараларын жүргізу, жобаларға экологиялық сараптама жүргізу және II, III санаттағы нысандар үшін қоршаған ортаға теріс әсер етуге рұқсат беру, сондай-ақ, жер қойнауын пайдалану саласындағы бақылау жұмыстарын жүргізеді.

«Жасыл Қазақстан» Ұлттық жобасы мен облысты дамыту жоспарында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Kazakhmys Smelting» ЖШС, «Караганда Энергоцентр» ЖШС сынды өнеркәсіптік кәсіп­орындары бойынша ірі қалалардағы стационарлық көздерден шығатын атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларын азайту көрсеткіші көзделген.

2022 жылы өнеркәсіп кәсіпорындары рұқсат етілген лимит 363,5 мың тонна болған кезде іс жүзінде 285,2 мың тонна немесе 21,5% аз көлемде шығарындылар өндірді. 2025 жылға қарай шығарындыларды 215,4 мың тоннаға дейін қысқарту жоспарлануда.

Зиянды шығарындыларды азайту Қарағанды облысының экологиялық проблемаларын кешенді шешу бойынша жол картасы аясында жүзеге асырылады.

Жол картасының орындалу барысы экология департаментімен бірлесіп, барлық өнеркәсіптік кәсіпорындармен жүйелі түрде қаралады.

Басқарма өзінің негізгі қызметін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары шеңберінде жүзеге асырады. Іс-шаралар жоспарында жалпы сомасы 35 892,8 млн.теңгеге 77 іс-шара көзделген.

2022 жылы Солонка, Ақбастау және Мұстафин кентінің жанындағы рұқсат етілмеген жолдан Самарқанд су қоймасына дейін Нұра өзендерін санациялау жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, Қ.Сәтбаев атындағы каналдан Тұзды өзеніне табиғатты қорғау мақсатында су жіберудің ғылыми-табиғи негіздемесі әзірленді.

Ағымдағы жылы Нұра өзенінің үш учаскесінде санацияны іске асыру, сондай-ақ, Республика даңғылынан Соқыр өзеніне дейінгі Үлкен Бұқпа, Кіші Бұқпа өзендерін санациялау, Шет ауданындағы Шерубай-Нұра және Алматы-Екатеринбург автожолынан Федоров су қоймасына дейінгі Соқыр өзендерін санациялау жобаларын әзірлеу жалғастырылады.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды көму көлемін азайту және қайта өңдеу үлесін ұлғайту маңызды мәселе болып табылады.

2022 жылы облыс бойынша түзілген қалдықтардың көлемі 328,2 мың тонна ҚТҚ, қайта өңделген қалдықтардың көлемі – 179,2 мың тонна немесе 55% құрады.

Коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу көлемін олардың түзілуінің жалпы көлеміне қарай 5 жыл ішінде 54 пайыздан 57 пайызға дейін ұлғайту көзделуде.

Осы индикаторға қол жеткізу үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024-2025 жылдар кезеңінде облыстық бюджет есебінен 6 жаңа ҚТҚ полигонын салу межеленді.

Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Саран, Шахтинск және Абай қалаларында қауіпті құрамдас коммуналдық қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер орнату көзделген.

Сондай-ақ, Қарағайлы бариттік қалдықтар қоймалары мен бұрынғы «Дарьял-У» аумағының бұзылған жерлерін қалпына келтіру жобалары әзірленуде.

Басқарма қарамағындағы мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы 126 750 гектарды құрайды, оның ішінде орман – 70 285 гектар.

2022 жылы 396,7 гектар алқапқа 1 040,2 мың дана көшет отырғызылды.

Балық шаруашылығы қорында ауданы 68,4 мың гектар болатын 198 жергілікті балық шаруашылығы су қоймалары және республикалық маңызы бар 3 су қоймасы (Балқаш көлі, Нұра өзені, Қаныш Сәтбаев атындағы каналдың су торабы) бар. 104 су айдыны 55,7 мың га. Бекітілді. Ал, резервтік қор ауданы 12,7 мың га 97 су айдынын құрайды.

2022 жылы өсірілген балық көлемі 456 тоннаны құрады.

Облыс бойынша 234 гидротехникалық құрылыс бар, оның ішінде: республикалық меншікте – 31, облыстық меншікте – 46, жекеменшікте – 18 және аудандық меншікте – 139.

2022 жылы Саран су қоймасын күрделі жөндеу жұмыстары басталды, 2023 жылдың шілдесінде аяқталады.

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде үш жыл ішінде Таңатбай, Жастілек, №1,2,3,4 Көгілдір тоғандар, Промежуточная, Тоғыз­құдық және Тихоновка 6 гидротехникалық құрылыстарын күрделі жөндеу жоспарлануда.

Жұмыстың маңызды бағыттарының бірі – халыққа мемлекеттік қызмет көрсету. 2022 жылы басқарма 2 153 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде, жобаларға 667 экологиялық қорытынды, сондай-ақ, қоршаған ортаға теріс әсер етуге 178 рұқсат, жануарлар дүниесін пайдалануға 1 176 рұқсат, акваөсүру (балық шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 34 өтінім, асыл тұқымды балық өсіруді дамыту және 98 ағаш кесу билетін жатқызсақ жеткілікті.

2022 жылғы басқарма табиғат қорғау іс-шаралары, су және орман шаруашылығы саласындағы барлық нысаналы индикаторларға қол жеткізді. Қорыта айтқанда, салалық басқарма атқаратын рөлі табиғат тінін күнбе-күн бақылау ғана емес, мұнымен бірге, тұрақты әрі экологиялық қауіпсіз болашақты стратегия­лық қалыптастыру екендігін ұмытпасақ керек-ті. Табиғи ресурстарды ұтымды басқару аймақтың келбетін анықтайтын, болашақ ұрпаққа ізгілік ізін себетін құны ортаймас құндылық.

Бахтияр САНБАЕВ,
Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button