Руханият

Тақырып өзегі – заманауи технология

Ақтоғай ауданы орталығындағы Ә.Бөкейхан атындағы орта мектеп базасында өткен семинар «География сабағындағы сандық және интербелсенді карталар – сапалы білім беруге тең қолжетімділік мүмкіндіктері» деп аталды.

Ұйытқы болған – Қарағанды облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мен Ақтоғай аудандық білім бөлімі.

Жиынға Ақтоғай, Шет, Жаңаарқа, Бұқар жырау, Осакаров және Нұра ауданынан география пәнінің мұғалімдері қатысып, ой-тәжірибе бөлісті.

К.Байсейітова, Ә.Бөкейхан және Қ.Нұржанов атындағы орта мектептер базасындағы тірек мектебінің ұстазы Қ.Абзалбекова, Б.Сейілбаева және Д.Шардарбеков сабақ өткізіп, функционалды жаңартылған білім берудің мазмұны, география сабағында сандық және интербелсенді картаны пайдалану арқылы сапалы білім беруге қол жеткізу мүмкіндігі туралы өз тәжірибесін ортаға салды.

Сондай-ақ, Шашубай кентіндегі «Мектеп-балабақша кешені» базасындағы тірек мектебінің география пәні мұғалімі К.Шайкенова, бастауыш класс мұғалімі Р.Есімбек және мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Ш.Нығметуллина «Мазмұны жаңартылған жаратылыстану пәнін оқыту ерекшелігі» деген тақырыпта коучинг өткізді.

Әлібек Әбдіраш.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button